Селектор түрлері [ҰБТ информатика]

  1. 1 Web-жобалау [Информатика ҰБТ] ✓
  2. 2 HTML-ге кіріспе [Информатика ҰБТ] ✓
  3. 3 HTML тізімдер OL, UL, DL [ҰБТ информатика] ✓
  4. 4 HTML Мәтінді форматтау [ҰБТ информатика] ✓
  5. 5 HTML кестелер құру [ҰБТ информатика] ✓
  6. 6 HTML сурет қою [ҰБТ информатика] ✓
  7. 7 HTML гиперсілтеме қою [ҰБТ информатика] ✓
  8. 8 HTML мультимедиа [ҰБТ информатика] ✓
  9. 9 CSS-ті қолдану артықшылықтары [ҰБТ информатика] ✓
  10. 10 Стиль кестелерін қолдану [ҰБТ информатика] ✓
  11. ▶ Селектор түрлері [ҰБТ информатика] ✓
  12. 12 CSS қасиеттері: фон, шегара [ҰБТ информатика] ✓
  13. 13 CSS қасиеттері: қаріп, абзац [ҰБТ информатика] ✓
  14. 14 Скрипт қолдану (JavaScript) [ҰБТ информатика] ✓
  15. 15 Скрипт қолдану (JavaScript) [ҰБТ информатика] ✓
#html #css #csshtml
Селектор (ағылшынша selector) сұрыптау, іріктеу деген мағынаны білдіреді. CSS әлемі – HTML нысан мен элементінің қасиеттерінің және
көрінісінің (стильдерінің) сиқырлы әлемі.

Элемент бойынша селектор:

Стильдер кестелерінің тілінде селектор ретінде HTML тіліндегі атауларды пайдалануға болады. Мысалы, HTML құжатта азатжолдағы (абзац) барлық мәтін 14 өлшемдегі Аrial қарпімен жазылуы керек болса, ол төмендегідей жазылады:
Р{
font: normal 14pt Arial;
}
бұл жерде селектор ретінде HTML тілінде жеке жолды көрсететін Р элементі таңдалды.

Сынып (Класс) бойынша селектор:

Егер азатжол екеу болса және екеуін де бірдей түске бояу керек болса,
«Не істеу керек?» деген сұрақ туындайды. Р style="color:blue"/. Тек осы азатжолдың түсі көк болады, /Р коды тек осы азатжолды ғана көк түске бояйды. Егер осындай бірнеше азатжол болса, онда НТМL-де оның бәрін бірдей түске бояу үшін, сlаss (сынып) атрибутын пайдаланамыз. Р сlаss="bluе" Осы азатжолдың және басқа да азатжолдардың бәрінің түсі көк түске ауысады /Р.

HTML-де элементтің идентификаторы id параметрі арқылы беріліп, оның мәні ретінде бірегей (қайталанбас) атау беріледі. Мысалы: p id="pink" Идентификаторлық мәтіннің азатжолы (id)./p Атауға HTML және CSS-тегі тег, параметр және элемент аттарынан басқа кез келген сөзді қоюға болады. Мысалы, идентификаторға body атауын қоюға болмайды.

Контекстік селектор

Web-бетті жасаған кезде бір тегтің ішіне басқасын орналастыруға тура келеді. Тегтердің мәнерлері (стиль) браузерде дұрыс көрінуін қамтамасыз ету үшін контексте жұмыс істейтін селекторлар көмектеседі.
YouTube-та ашу ↗
КӨРДІҢ. ТҮСІНДІҢ. ЕНДІ ТЕКСЕР.

Біліміңді ҰБТ форматында сына.

Тегін байқау нұсқасын тапсырып, балыңды біл. Дайындықты 50 толық нұсқамен жалғастыр.