CSS-ті қолдану артықшылықтары [ҰБТ информатика]

  1. 1 Web-жобалау [Информатика ҰБТ] ✓
  2. 2 HTML-ге кіріспе [Информатика ҰБТ] ✓
  3. 3 HTML тізімдер OL, UL, DL [ҰБТ информатика] ✓
  4. 4 HTML Мәтінді форматтау [ҰБТ информатика] ✓
  5. 5 HTML кестелер құру [ҰБТ информатика] ✓
  6. 6 HTML сурет қою [ҰБТ информатика] ✓
  7. 7 HTML гиперсілтеме қою [ҰБТ информатика] ✓
  8. 8 HTML мультимедиа [ҰБТ информатика] ✓
  9. ▶ CSS-ті қолдану артықшылықтары [ҰБТ информатика] ✓
  10. 10 Стиль кестелерін қолдану [ҰБТ информатика] ✓
  11. 11 Селектор түрлері [ҰБТ информатика] ✓
  12. 12 CSS қасиеттері: фон, шегара [ҰБТ информатика] ✓
  13. 13 CSS қасиеттері: қаріп, абзац [ҰБТ информатика] ✓
  14. 14 Скрипт қолдану (JavaScript) [ҰБТ информатика] ✓
  15. 15 Скрипт қолдану (JavaScript) [ҰБТ информатика] ✓
CSS (Cascading Style Sheets – Каскадтық стильді кестелер) – HTML, XHTML, т.б. белгілеу тілдерінде жазылған web-беттердің сыртқы көрінісін безендіретін, әрлейтін тіл. Бұл тілде web-беттердің сыртқы көрінісіндегі қаріптер мен түстердің орналасуы, блоктар сияқты элементтерді жасауға болады. Белгілеу тілдерінде (HTML, XHTML, XML, т.б.) web-беттердің логикалық құрылымдары мен сыртқы көріністерін безендіруді бір-бірінен бөліп қарастыруға болады. Әрқайсысы бөлек болса, сайт жасағанда да, сайттың кодын оқығанда да түсінікті болады.
1990 жылдары web-стандарттау жұмыстары қарқынды дамыды және
web-дизайнерлер үшін сайт жасауда ортақ бір стандарт қажет болатын.
Соның арқасында HTML 4.01, XHTML және CSS стандарт пайда болды.
«Каскадтық стильді кестелер» терминін 1994 жылы Хокон Виум Ли енгізді. Хокон Берт Боспен CSS-ті дамытып, оған Интернет Консорциумы «Web стандарты» деген атау берді.

Артықшылықтары:

• HTML кодының көлемін едәуір кемітеді және оны оқуға ыңғайлайды.

• CSS тілі көмегімен HTML тілінде беруге болмайтын параметрлерді
жасауға болады. Мысалы, сілтемелердің астындағы сызықты алып
тастауға болады.

• CSS арқылы web-беттің сыртқы көрінісін оңай өзгертеміз. Көп құжаттардың сыртқы көрінісін бір кесте арқылы көрсетуге болады.
Мысалы, отыз бет жазылған web-беттегі қаріпті жасыл түске боядық
делік. Біраз уақыт өткен соң, қаріпті көк не қызыл түске өзгерткіміз
келсе, онда отыз беттегі қаріптің барлығының түсін қолмен өзгертіп шығуға тура келеді. Ал CSS тіліндегі жазылған бір қатар программа коды арқылы сол отыз беттің барлығына бірден қажетті өзгертулерді жасауымызға болады;

• Құрамалы және жинақталған дизайн техникасының болуы. CSS тілінде «сайт версткасы» (орналастыру) деген ұғым бар.

CSS тиімділігі:

1. Құжаттың өлшемін азайтады. Бұл жүктелуді азайтуға мүмкіндік
береді

2. CSS-ті пайдалану стиль сипаттамасымен берілген бір ғана файлды өңдеу арқылы көптеген құжаттарды басқаруға мүмкіндік береді.

3. Стильдер қарапайым HTML-ге қарағанда әлдеқайда көп пішімдеу
нұсқаларын ұсынады.

4. CSS құжаттарын кэштеу
YouTube-та ашу ↗
КӨРДІҢ. ТҮСІНДІҢ. ЕНДІ ТЕКСЕР.

Біліміңді ҰБТ форматында сына.

Тегін байқау нұсқасын тапсырып, балыңды біл. Дайындықты 50 толық нұсқамен жалғастыр.