HTML гиперсілтеме қою [ҰБТ информатика]
HTML және веб-жобалау
15 сабақ
- 1 Web-жобалау [Информатика ҰБТ] ✓
- 2 HTML-ге кіріспе [Информатика ҰБТ] ✓
- 3 HTML тізімдер OL, UL, DL [ҰБТ информатика] ✓
- 4 HTML Мәтінді форматтау [ҰБТ информатика] ✓
- 5 HTML кестелер құру [ҰБТ информатика] ✓
- 6 HTML сурет қою [ҰБТ информатика] ✓
- ▶ HTML гиперсілтеме қою [ҰБТ информатика] ✓
- 8 HTML мультимедиа [ҰБТ информатика] ✓
- 9 CSS-ті қолдану артықшылықтары [ҰБТ информатика] ✓
- 10 Стиль кестелерін қолдану [ҰБТ информатика] ✓
- 11 Селектор түрлері [ҰБТ информатика] ✓
- 12 CSS қасиеттері: фон, шегара [ҰБТ информатика] ✓
- 13 CSS қасиеттері: қаріп, абзац [ҰБТ информатика] ✓
- 14 Скрипт қолдану (JavaScript) [ҰБТ информатика] ✓
- 15 Скрипт қолдану (JavaScript) [ҰБТ информатика] ✓
#Гиперсілтеме (немесе #сілтеме) – интернеттің кез келген бөлігіне кіруге болатын web-контент (мазмұн). Гиперсілтеме – бүкіл ғаламдық желінің негізі. Сонымен қатар гиперсілтеме жаңа құжатқа немесе ағымдағы құжаттың бөлігіне ауысу үшін басылатын ерекшеленген сөз, сөздер тобы, сурет немесе кескін болуы мүмкін. #Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, белсенді элемент орналасқан мәтін. Оның ішіне дыбыс, сурет, мәтінді безендіру, пішімдеу жұмыстарын орындауды белгілейтін сөздер орналасады. Гипермәтінді экранға шығарып бейнелеу үшін браузер қолданылады. Браузер арнайы команда, тегтермен толықтырылған мәтіндік құжаттың тақырыптарын экранға үлкен қаріптермен, ал жай мәтіндерін кіші қаріптермен жазады. Оның ішіндегі суреттерді адресіне сәйкес компьютер экранында көрсетеді. Ең кең тараған браузерлерге Google Chrome, Mozilla Firefox, Windows операциялық жүйесімен бірге қойылатын Internet Eхplorer, т.б. жатады. Осы браузерлер бүгінгі қолданылып жүрген браузерлердің 80 %-ын құрайды. Web-беттерде басқа web-беттерге қатысты сiлтемелердің болуы – World Wide Web жүйесiнiң ең тартымды ерекшелiктерiнiң бiрi. Сілтеме (#hyperlink) – жергілікті дискіде немесе компьютер желісінде орналасқан құжат ішіндегі басқа бір элементке (мәтін, тақырып, сурет, т.б.), басқа нысанға сілтеме беретін гипермәтінді құжаттың бір бөлігі. Сілтеме енгізу үшін A (anchor) тегі қажет болады. Сілтеменің қайда апаратынын көрсету үшін тегтің href (hypertext #reference) атрибутын пайдалану керек.
#link – белсенді емес сілтемелердің, әлі қаралмаған сілтемелер түстерін белгілейді;
#vlink – қаралған сілтемелер түсін белгілейді;
#alink – тінтуір көрсетіп тұрған белсенді сілтеменің түсін анықтайды.
#link – белсенді емес сілтемелердің, әлі қаралмаған сілтемелер түстерін белгілейді;
#vlink – қаралған сілтемелер түсін белгілейді;
#alink – тінтуір көрсетіп тұрған белсенді сілтеменің түсін анықтайды.