Компьютерлік жад [Алматы, АрманПВ, Атамұра]

Информатика теориясы 11-сынып #Теория 3 қараша 2023
  1. 1 Ақпараттың өлшем бірліктері ✓
  2. 2 Ақпараттың өлшем бірліктері - [АрманПВ баспасы] ✓
  3. 3 Ақпараттың өлшем бірліктері - [Атамұра баспасы] ✓
  4. 4 Ақпаратты өлшеу. Алфавиттік әдіс - [Алматы баспасы] ✓
  5. 5 Ақпаратты өлшеу. Ықтималдық әдісі - [Алматы баспасы] ✓
  6. 6 Ақпаратты өлшеу - [Арман пв баспасы] ✓
  7. 7 Ақпаратты өлшеу - [Атамұра баспасы] ✓
  8. ▶ Компьютерлік жад [Алматы, АрманПВ, Атамұра] ✓
  9. 9 Программалық жасақтама [ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕ, САПА КРИТЕРИЙЛЕРІ] ✓
  10. 10 Компьютерлік желі ✓
  11. 11 Компьютерлік желілер мен олардың жіктелуі ✓
  12. 12 Желідегі қауіпсіздік [8 сынып] ✓
  13. 13 Интернет, IP-адрес және DNS ✓
  14. 14 Бағдарлауыш және TCP ✓
  15. 15 IP сыныптар [A,B,C,D,E] ✓
Компьютерде ақпаратты өңдеу барысында сақтап тұратын әрі өңделген ақпаратты компьютер өшкеннен кейін де ұзақ уақыт сақтайтын жад болады. Ол негізінен ішкі жад және сыртқы жад болып екіге бөлінеді.

RAM (Random Access Memory) – жедел есте сақтау құрылғысы (ЖЕСҚ), компьютердің ішкі жад бөлігі. Ол программалар өңдейтiн деректерді жазу, оқу мен сақтауға арналған шағын көлемдегі жылдам есте сақтау құрылғысы. Жедел жад деректер мен программаларды уақытша сақтау үшiн қолданылады.

Кэш (ағыл. cach[е] – қойма) – процессор жиі қолданылатын деректерді уақытша сақтау үшін қолданылатын шағын көлемді есте сақтауға арналған жад. Кэш – процессор мен одан жылдамдығы төмен жедел жад арасындағы өңдеу жылдамдығының айырмашылығын реттеу үшін қолданылатын жад.

ROM (ағыл. read only memory) – тек оқуға арналған жад. ROM – тұрақты жад құрылғысы (ТЖҚ) деп те аталады. ТЖҚ-да дисплей, пернетақта, принтер, сыртқы жадты басқару, компьютердi
қосу, құрылғыларды тестiлеу (тексеру) программалары жазылады.

Оптикалық диск түрлері: CD-R, CD-RW, DVD-R, DVD-RW. Компьютер дискілерді дискжетек көмегімен оқиды. Дискжетек жылдамдығымен, оқу, жазу мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Флеш-жад (ағыл. flash – жарқыл) – жазылған мәліметтерді есте сақтай алатын микросхема (чип) түрінде жасалған жад түрі. Флеш-жад кез келген компьютерде, цифрлы фотокамералар мен смартфондарда пайдаланылады. Флеш-жадқа жазылған ақпарат ұзақ уақыт сақталады, магниттік немесе оптикалық дискжетекке қарағанда энергияны аз тұтынады.
YouTube-та ашу ↗
КӨРДІҢ. ТҮСІНДІҢ. ЕНДІ ТЕКСЕР.

Біліміңді ҰБТ форматында сына.

Тегін байқау нұсқасын тапсырып, балыңды біл. Дайындықты 50 толық нұсқамен жалғастыр.