IP сыныптар [A,B,C,D,E]

Информатика теориясы 11-сынып #Теория 24 желтоқсан 2023
  1. 1 Ақпараттың өлшем бірліктері ✓
  2. 2 Ақпараттың өлшем бірліктері - [АрманПВ баспасы] ✓
  3. 3 Ақпараттың өлшем бірліктері - [Атамұра баспасы] ✓
  4. 4 Ақпаратты өлшеу. Алфавиттік әдіс - [Алматы баспасы] ✓
  5. 5 Ақпаратты өлшеу. Ықтималдық әдісі - [Алматы баспасы] ✓
  6. 6 Ақпаратты өлшеу - [Арман пв баспасы] ✓
  7. 7 Ақпаратты өлшеу - [Атамұра баспасы] ✓
  8. 8 Компьютерлік жад [Алматы, АрманПВ, Атамұра] ✓
  9. 9 Программалық жасақтама [ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕ, САПА КРИТЕРИЙЛЕРІ] ✓
  10. 10 Компьютерлік желі ✓
  11. 11 Компьютерлік желілер мен олардың жіктелуі ✓
  12. 12 Желідегі қауіпсіздік [8 сынып] ✓
  13. 13 Интернет, IP-адрес және DNS ✓
  14. 14 Бағдарлауыш және TCP ✓
  15. ▶ IP сыныптар [A,B,C,D,E] ✓
IP-адрес екі бөліктен тұрады: желі нөмірі мен осы желідегі компьютер (хост) нөмірі. A сынып адрестерінде 8 бит желі нөміріне, 24 бит хост нөміріне бөлінген. B сынып адрестерінде 16 бит желі нөміріне, 16 бит хост нөміріне бөлінген. С сынып адрестерінде 24 бит желі нөміріне, 8 бит хост нөміріне бөлінген. Тағы топтық хабар таратуға (мультикастинг) арналған D сыныбы резервте тұр, қазіргі кезде қолданылмайтын Е сыныбы бар.

IP-мекенжай (ағылш. Internet Protocol Address) – бір түйіннен екінші түйінге ақпаратты жіберу, алу, табу үшін қажетті бірегей мекенжай.

Түйін – желіге қосылу мүмкіндігі бар кез келген құрылғы (ұялы телефон, компьютер, принтер, концентратор, коммутатор, маршрутизатор және т.б.)

TCP/IP – интернетпен жұмыс істейтін барлық компьютердің негізгі тілі.
Хаттама – деректерді толық әрі қатесіз беру үшін келісілген және бекітілген ережелер.

TCP (Transfer Control Protocol) – деректерді тасымалдауды басқару хаттамасы.

IP (Internet Protocol) – желілер арасындағы хаттама.

HTTP (Hyper Text Transfer Protocol ) – гипермәтінді тасымалдау.
FTP (File Transfer Protocol) – файлды тасымалдау.
SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) – электрондық поштаны жіберу.
POP3 (Post Office Protocol Version 3) – электрондық хатты алу.
IMAP (Internet Message Access Protocol) – электрондық поштаны алу.

Хаттаманың қызметі – сервердегі бір тақырыпқа арналған мәліметтерді блоктарға бөліп, бір бумаға кірістіру және қабылдаушы сервер дұрыс түсінуі үшін оған тақырып атын жіберуші сервер адресі мен файл адресін енгізу.
YouTube-та ашу ↗
КӨРДІҢ. ТҮСІНДІҢ. ЕНДІ ТЕКСЕР.

Біліміңді ҰБТ форматында сына.

Тегін байқау нұсқасын тапсырып, балыңды біл. Дайындықты 50 толық нұсқамен жалғастыр.