3.9 Практикалық жұмыс. Жолдық процедуралар мен функциялар

Информатика · 10-сынып 10-сынып 17 қараша 2023
  1. 1 Информатика 10 сынып. Функциялар мен процедуралар ✓
  2. 2 Информатика 10 сынып. Функциялар мен процедуралар. Процедуралар ✓
  3. 3 Информатика 10 сынып. Функция ✓
  4. 4 Информатика 10 сынып. Функция ✓
  5. 5 Рекурсия Питон (Фибоначи тізбегі ) ✓
  6. 6 Рекурсия Питон (Практикалық есептер) ✓
  7. 7 3.6 Жолдармен жұмыс істеу. Жолдық функциялар ✓
  8. 8 3.6 Жолдармен жұмыс істеу. Жолдық функциялар [ПРАКТИКА] ✓
  9. 9 3.7 Жолдық әдіс ✓
  10. 10 3.8 Жолдық әдіс түрлері №1 [Алматы баспа] 10 сынып ✓
  11. 11 3.8 Жолдық әдіс түрлері №2 [Алматы баспа] 10 сынып ✓
  12. ▶ 3.9 Практикалық жұмыс. Жолдық процедуралар мен функциялар ✓
  13. 13 3.10 Файлдармен жұмыс 10 сынып АЛМАТЫ баспасы ✓
  14. 14 26-27 Файлдармен жұмыс жасау [АрманПВ] ✓
Сәлем достар. Микрофонда ЕСЕНБЕКОВ КУРБАНАЛЫ.

1-тапсырма. Бірдей мәтін*
Мәтіндік жол берілген. Осы мәтіндік жолда «men» сөзі неше рет кездеседі. Мәтіндік жол ұзындығы 200 символдан аспайды.

2-тапсырма. Барлығы әртүрлі***
Мәтіндік жол берілген. Осы мәтінде неше әртүрлі символ кездеседі. Мәтіндік жол ұзындығы 255 символдан аспайды.

3-тапсырма. Іздеу ***
Жол берілген. Осы жолда ең ұзын “k” әрпінің тізбегін тап. Жол ұзындығы 1000 символдан аспайды.

4-тапсырма. Сөздерді санау**
Мәтін берілген. Осы мәтіндегі бірдей әріппен басталып, бірдей әріппен аяқталатын сөздердің санын тап. Мәтіндік жол ұзындығы 1000 символдан аспайды.

5-тапсырма. Полиндром***
Жол берілген. Осы жол басынан да, соңынан да бірдей оқыла ма (полиндром)? Анықта. Жол полиндром болса, нәтиже ретінде 1, әйтпесе 0 экранға шықсын.

6-тапсырма. Үш әріптен тұратын сөз **
Жол берілген. Осы жолда 3 әріптен тұратын сөздерді сана. Жол ұзындығы 1000 символдан аспайды.

7-тапсырма. Анықтау **
Тек әріптер мен жолдардан тұратын сан берілген. Осы жолда сан көп пе әлде әріп көп пе? Анықта. Сан көп болса, баспаға 1, әріп көп болса, баспаға «а» әрпі берілсін.
YouTube-та ашу ↗
КӨРДІҢ. ТҮСІНДІҢ. ЕНДІ ТЕКСЕР.

Біліміңді ҰБТ форматында сына.

Тегін байқау нұсқасын тапсырып, балыңды біл. Дайындықты 50 толық нұсқамен жалғастыр.