3.8 Жолдық әдіс түрлері №2 [Алматы баспа] 10 сынып

Информатика · 10-сынып 10-сынып 17 қараша 2023
  1. 1 Информатика 10 сынып. Функциялар мен процедуралар ✓
  2. 2 Информатика 10 сынып. Функциялар мен процедуралар. Процедуралар ✓
  3. 3 Информатика 10 сынып. Функция ✓
  4. 4 Информатика 10 сынып. Функция ✓
  5. 5 Рекурсия Питон (Фибоначи тізбегі ) ✓
  6. 6 Рекурсия Питон (Практикалық есептер) ✓
  7. 7 3.6 Жолдармен жұмыс істеу. Жолдық функциялар ✓
  8. 8 3.6 Жолдармен жұмыс істеу. Жолдық функциялар [ПРАКТИКА] ✓
  9. 9 3.7 Жолдық әдіс ✓
  10. 10 3.8 Жолдық әдіс түрлері №1 [Алматы баспа] 10 сынып ✓
  11. ▶ 3.8 Жолдық әдіс түрлері №2 [Алматы баспа] 10 сынып ✓
  12. 12 3.9 Практикалық жұмыс. Жолдық процедуралар мен функциялар ✓
  13. 13 3.10 Файлдармен жұмыс 10 сынып АЛМАТЫ баспасы ✓
  14. 14 26-27 Файлдармен жұмыс жасау [АрманПВ] ✓
Сәлем достар. Микрофонда ЕСЕНБЕКОВ КУРБАНАЛЫ.
10 сынып информатика

1-тапсырма. Сөзді ауыстыру
Бірінші қатарда латын әріптерінен құралған жол берілген. Осы жолда екі үтірдің арасындағы орналасқан сөзді берілген сөзбен ауыстыр. Берілген ауыстыратын сөз екінші қатарда берілген.

2-тапсырма. Нөлмен толтыру
Екілік санау жүйесінде берілген сандарды байтқа толтыру үшін санның алдын 0-мен толтыратын программа жаз. Бір байт 8 биттен тұрады. Мысалы, 101=00000101

3-тапсырма. Сөзді қысқарту
N жол берілген. Кейінгі N қатарда орналасқан сөздерден әріптерінің саны 6-дан көп сөздерді қысқарт. Ол үшін сөздердің бірінші және соңғы әріптерін, олардың арасына өшірілген әріптердің санын жазу керек. Мысалы, «экспорттау» сөзі «э8у» деп қысқартылады. Ұзындығы 6 және 6-дан кіші сөздердің өзін экранға бер.

4-тапсырма. Санға айналдыру
N жол берілген. Кейінгі N қатарда орналасқан жолдардың арасында тек цифрлардан құралғандарын санға айналдырып, 100 санын қосып, экранға шығар. Санға айналдыру мүмкін болмаған жағдайда, онда экранға -1 ді шығар.

5-тапсырма. Санын анықтау
Үлкен және кіші латын әріптерінен тұратын жол берілген. Осы жолдағы барлық «Z» әріптерінің санын тап. «Z» әрпі жоқ болса, экранға 0 шықсын.
YouTube-та ашу ↗
КӨРДІҢ. ТҮСІНДІҢ. ЕНДІ ТЕКСЕР.

Біліміңді ҰБТ форматында сына.

Тегін байқау нұсқасын тапсырып, балыңды біл. Дайындықты 50 толық нұсқамен жалғастыр.