3.7 Жолдық әдіс

Информатика · 10-сынып 10-сынып 16 қараша 2023
  1. 1 Информатика 10 сынып. Функциялар мен процедуралар ✓
  2. 2 Информатика 10 сынып. Функциялар мен процедуралар. Процедуралар ✓
  3. 3 Информатика 10 сынып. Функция ✓
  4. 4 Информатика 10 сынып. Функция ✓
  5. 5 Рекурсия Питон (Фибоначи тізбегі ) ✓
  6. 6 Рекурсия Питон (Практикалық есептер) ✓
  7. 7 3.6 Жолдармен жұмыс істеу. Жолдық функциялар ✓
  8. 8 3.6 Жолдармен жұмыс істеу. Жолдық функциялар [ПРАКТИКА] ✓
  9. ▶ 3.7 Жолдық әдіс ✓
  10. 10 3.8 Жолдық әдіс түрлері №1 [Алматы баспа] 10 сынып ✓
  11. 11 3.8 Жолдық әдіс түрлері №2 [Алматы баспа] 10 сынып ✓
  12. 12 3.9 Практикалық жұмыс. Жолдық процедуралар мен функциялар ✓
  13. 13 3.10 Файлдармен жұмыс 10 сынып АЛМАТЫ баспасы ✓
  14. 14 26-27 Файлдармен жұмыс жасау [АрманПВ] ✓
Сәлем достар. Микрофонда ЕСЕНБЕКОВ КУРБАНАЛЫ.
#10сыныппитон #жолдықәдіс
10 сынып информатика

Python-да символдар мен жолдарды өңдеуге арнаған әдістер жеткілікті. Мұндай әдістерді «жолдық әдіс» деп атайды. Енді осы жолды өңдеуге арналған әдістермен танысайық.

s1.count(s) - s жол бөлігі s1 жолында неше рет кездесетінін анықтайды.
s1.count(s,[i,j]) - s жол бөлігі s1 жолының [i,j] аралығында неше рет кездесетінін анықтайды.
s1.find (s) - s жол бөлігі s1 жолында бірінші рет нешінші орында кездесетінін анықтайды.
s1.find (s,[i,j]) - s жол бөлігі s1 жолында неше рет кездесетінін анықтайды.
s1.strip() - s1 жолының оң және сол жағындағы аралықтарын алып тастап, басқа жолға көшіреді.

1-мысал. Жол берілген. Осы жолда орналасқан сөздер бір ғана бос орынмен ажыратылған. Осы жолда неше сөз бар екенін анықта.

1-тапсырма. ‘k' әрпі**
Латын әріптерінен тұратын жол берілген. Осы жолда ‘k' әрпі кездесе ме? Кездессе, нәтиже ретінде экранға орны, кездеспесе, 0 шығуы керек. Егер берілген жолда ‘k' әрпі біреуден көп болса, онда олардың осы жолдағы жалпы санын баспаға бер.

2-тапсырма. Сөйлем құрау*
Латын әріптерінен құралған “el”, “Nur-Sultan”, “juregi” сөздері берілген. Сөздердің аралары бір ғана бос орынмен ажыратылған мағыналы сөйлем құра.

3-тапсырма. ‘а' әрпін іздеу*
Латын әріптерінен тұратын жол берілген. Осы жолда неше “a” әрпі бар екенін анықта.

4-тапсырма. Анықтау**
Латын әріптерінен тұратын мәтін берілген. Осы жолда неше рет “оtan” cөзі кездеседі? Анықта
YouTube-та ашу ↗
КӨРДІҢ. ТҮСІНДІҢ. ЕНДІ ТЕКСЕР.

Біліміңді ҰБТ форматында сына.

Тегін байқау нұсқасын тапсырып, балыңды біл. Дайындықты 50 толық нұсқамен жалғастыр.