ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫ [9 сынып]
Мәліметтер қоры және SQL
15 сабақ
- 1 SQL басынан бастап | Толық нұсқаулық | 1 сағат ✓
- ▶ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫ [9 сынып] ✓
- 3 Деректер қорын құруды ЖОБАЛАУ ✓
- 4 Реляциялық кестенің ҚАСИЕТТЕРІ [Атрибут, Кортеж] ✓
- 5 Деректер қорындағы РЕЛЯЦИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ✓
- 6 SQL сабақ 1 - Open Server орнату (ҰБТ информатика) ✓
- 7 SQL сабақ 2 - Мәліметтер қорын құру (ҰБТ информатика) ✓
- 8 SQL сабақ 3 - CREATE DATABASE, TABLE (ҰБТ информатика) ✓
- 9 SQL сабақ 4 - Кестені толтыру INSERT (ҰБТ информатика) ✓
- 10 SQL сабақ 5 - Кестені өзгерту UPDATE (ҰБТ информатика) ✓
- 11 SQL сабақ 6 - Кестені өшіру TRUNCATE (ҰБТ информатика) ✓
- 12 SQL сабақ 7 - Кестені көру SELECT (ҰБТ информатика) ✓
- 13 SQL сабақ 8 - Кестені ерекшелеу DISTINCT (ҰБТ информатика) ✓
- 14 SQL сабақ 9 - Кестені сүзгілеу Where (ҰБТ информатика) ✓
- 15 SQL сабақ 10 - SQL LIKE қосымша мәлімет (ҰБТ информатика) ✓
ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫ - белгілі бір қасиеттері бойынша жинақталған үлкен көлемдегі ақпарат жиынтығы.
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ - кең ауқымды деректер сақтауға, өзгертуге және өңдеуге арналған деректердің ұйымдастырылған жиынтығы.
ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ:
1. Сақталған деректің түрі (сипаты) бойынша
2. Деректерді сақтау түрі (тәсілі) бойынша
3. Ұйымның құрылымы (ұйымдастыру түрі) бойынша
Сақталған деректің түрі (сипаты) бойынша:
1. Фактографиялық - Factographic – қатаң белгіленген форматта ұсынылып сипатталған объектілер туралы қысқаша ақпарат. Аналог – қағаз карталар, бейнекітапханалық каталогтар, кітап каталогы.
2. Құжаттық (мұрағат) - Түрлі типтердегі кең ауқымды ақпарат. Мысалы: мәтін, графика, дыбыс, мультимедиа. Аналог – мектептегі құжаттардың электрондық мұрағаты, тарихи құжаттар мұрағаты.
Деректерді сақтау түрі (тәсілі):
1. Орталықтандырылған - Барлық ақпарат бір компьютерде сақаталады. МҚ дербес компьютерде немесе желілік серверде сақталады.
2. Таратылған (Үлестірілген) - Әртүрлі ақпарат бөліктері түрлі компьютерде сақталған. Жергілікті немесе ғаламдық желі болуы мүмкін.
Деректерді ұйымдастыру түрі бойынша (ұйымның құрылымы):
1: Реляциялық емес: Иерархиялық, Желілік
2. Реляциялық: Кестелік
Желілік МҚ – бұл нүктелердің әрқайсысымен байланыстырылатын түйіндер жиынтығы (жол картасы).
Иерархиялық МҚ – көпдеңгейлі құрылым (ағаш) түріндегі деректер жиынтығы. Бірінші элементі басты болып саналады, қалғандары оған бағынышты деректер.
Кестелік – кесте түрінде ұйымдастырылған МҚ. Ең көп таралған мәліметтер қоры. Оларды реляциялық (relation – байланыс) деп атайды.
Жазба - Ақпарат жазылатын және сақталатын кестенің ЖОЛдары. Кестеде жазбалардың кез келген санының болуы немесе бірде-бір жазбаның болмауы (бос кесте) мүмкін.
Өрістер - Мәліметтер қорын құрайтын кестенің БАҒАНдары. Әр өріс үшін өріс атауы, мәліметтер типі, сипаттар тізімі, сипаттамасы беріледі.
Мақсатына қарай типтері:
1. Сандық – математикалық есептеулерде пайдаланылады. Бүтін немесе нақты сандар.
2. Мәтін – есептеулерді қажет етпейтін символдық немесе сандық мәліметтерді сақтау типі.
3. Күн/уақыт – күнтізбе күндерін, ағымдағы уақытты сақтауға арналған тип.
4. Ақша типі – ақша құндылығын сақтауға арналған тип.
5. Логикалық тип – Ақиқат немесе Жалған мағыналарға негізделіп құрылатын сөйлем.